RU
Смартфонды неге 100 пайызға дейін зарядтауға болмайды?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Смартфонды неге 100 пайызға дейін зарядтауға болмайды?

Рассказать Вконтакте

Смартфонды 100 пайызға дейін зарядтау және мобильді құрылғының қуатын толықтай пайдалану аккумуляторды тоздырады. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Pixabay

Көрнекі фото: Pixabay

Бұл туралы mail.ru Hi-Tech порталының маманы Дмитрий Рябинин айтып берді.

"Смартфонды 100 пайызға дейін зарядтаудың қауіптілігі жөніндегі "аңыз" шыққан. Тұтынушылар мобильді құрылғыны толық қуаттаған соң, олардың басым бөлігі ұялы телефонды тоқтан суырмайды: сіз қашан зарядталып болады деп, индикаторға қарап отырмайсыз ғой. Тоқта тұрған смартфон 100 пайыз зарядты ұстап тұру үшін әрі қарай қыза береді", - деп түсіндірді ол.

Рябинин телефонды қалай дұрыс зарядтауға болатынын айтып берді.

Оның сөзінше, смартфонды, қуаты 90 пайызға жеткен уақытта немесе одан сәл аз болғанда, тоқтан ажыратып алу қажет.

Сол себепті көптеген смартфон өндіруші компаниялар "жылдам зарядтау" принципін пайдаланады.

Маман осы негізде тоқта тұрған құрылғы жарты сағатта 70 пайызға жететінін, содан кейін аккумулятор салқындауы үшін процестің баяулай бастайтындығын түсіндіріп өтті.

"Аккумулятордың зарядын смартфон өшіп қалғанша пайдалануға болмайды: сөніп тұрған жағдайда тоққа қосу да батареяны тоздырып, қызмет ету мерзімін азайтады", - дейді Рябинин.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel