Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Кей әйелдер төсек ләззатына неге тоя алмайды?

Опубликовано:

Еркектердің тән қалауына қанағаттанбауы қалыпты болып көрінеді. Дегенмен, табиғаттың бір жаратылысы болған соң әйелдердің ішінде де "төсек ойынына" қанағаттанбайтындары кездеседі. Ендеше, кей арулар неге төсек ләззатына тойымсыз болады? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: alpha.wallhaven.cc
Көрнекі фото: alpha.wallhaven.cc: Facebook

Әйелдер арасында "төсекке тойымсыздықтың" себебін зерттеген мамандар бірнеше себепті алға тартыпты. Мамандар жіті зерттей келе мұндай әрекетке әйелдің санасына берік ұяалаған қорқыныш әсер етеді дегенге тоқталады.

Жас ұлғаюынан қорқу

Әдетте бұл қорқыныш әйелдің санасына 30 жастан асқанда келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін тән қалауын шетке итеріп қойған оның есіне төсек ләззатына көңіл бөлмегені түседі екен де, ендігі жерде уақытын өткізіп алмау үшін тәуекелге барады дейді мамандар. Ол айнадағы өз бейнесіне тамсана қарап, "мен әлі үлгеремін" деген оймен өткізіп алған уақытының орнын толтыруға тырысады.

Жалғыздықтан қорқу

Бұл жағдай әйелдің жасына қарамайды. Тіпті, оның әдемілігі немесе көріксіздеу болуы да маңызды емес. Жанына жалау болар ешкімі болмағанда, іштей жалғыздықтың азабын әбден тартқандар келешегінен қорқып, өзіне асығыс серік тапқысы келеді. Оның серігін тексеруден өткізуінің бір ғана жолы – төсек деп ойлап қателеседі.

Бір еркектің кесірінен...

Ал бұл топқа бір кездері өзін бүтіндей бір ғана жанға арнаған, ол үшін өзін құрбандыққа шалған әйелдер жатады. Жанымен де, тәнімен өзін басыбүтін бір еркекке арнап жіберген әйелдің күткені болмай, өкініште қалады. Жылау, қайғыру, өкіну- бәрі жиылып келіп, соның ақысын кездескен еркектің бәрінен алғысы келеді. Бұл жағдайдан шығудың басқа амалын көрмейді. Кіммен кездессе де үнемі есінде алғашқы алдап немесе тастап кеткені тұрады.

Махаббаттан қорқу

Бір адамға байланып қалудан қорқатын әйелдер махаббатан үрейленеді. Олардың неге мұндай тұжырым жасағанын зерттегендер сәтсіз махаббат, бірі сүйіп, екінші сүймеген, сонда да бір шаңырақ астында амалсыз өмір сүріп жатқандардың жағдайын қаламау деп түсіндіреді. Бір адамға мәңгі байланып қалғысы келмейді, еркіндікті ғана ту етіп ұстаған. Мамандардың пікірінше, көбіне еркектердің өзі осындайға итермелейтін үлгі көрсетіп жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790749-18-kej-jelder-nege-tsek-lzzatyna-toa-almajdy/

pixel