Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әкім орынбасарының жүргізушісі қызметтік көлікпен жол апатына түсті (фото)

Опубликовано:

Атырауда әкім орынбасары Жұмабек Қаражановтың жүргізушісі қызметтік көлікпен жол апатына түсті. Алдына-ала мәлімет бойынша, көлік қайта жөндеуге келмейді деп жазады Ақ жайық басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны Фото: azh.kz
Оқиға орны Фото: azh.kz: UGC

Басылымның ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы өткен сенбіден болған. Әкімдікке тиесілі Skoda Octavia қызметтік көлігімен Toyota RAV 4 соқтығысып қалған.

Жол апатына не себеп болғаны мен оған кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз.

Видеодан кадр: azh.kz
Видеодан кадр: azh.kz: Depositphotos

Қалалық әкімдік жол апатына түскен көліктің шын мәнінде әкім орынбасары Қаражановқа тиесілі екенін растады.

"Алайда, әкім орынбасарының өзі көлікте болған жоқ. Жол апаты орын алған уақытта ол басқа қалада іс-сапарда болған" , - деді әкімдік өкілдері.

Жүргізушінің қызметтік көлікті не себепті демалыс күні айдап жүргені де әзірге анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

"Тергеу нәтижесіне сәйкес кінәлі деп табылған адамдар қызметінен босатылып, олар келтірілген шығынды толықтай өтеуге міндеттелетін болады" , - деді әкімдік өкілі.
Видеодан кадр: azh.kz
Видеодан кадр: azh.kz: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790785-atyrauda-kim-orynbasaryny-zrgizusisi-kyzmettik-klikpen-zol-apatyna-tsti-foto/

pixel