Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Титулды жекпе-жек: Қуат Найман әзірбайжандық қарсыласымен көз арбасты

Опубликовано:

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Қуат Найман мансабындағы аса маңызды кездесуі алдында әзірбайжандық қарсыласымен көз арбасты. Екі спортшы жеңіл салмақтағы Fight Nights Global жүлдесі үшін жұдырықтаспақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық спортшы мен әзірбайжандық Нариман Аббасов арасындағы кездесу бүгін Ресейдегі Мытище қаласында өтпек.

Ережесіз жекпе-жек ұйымының жүлдесі үшін бақ сынайтын спортшылар бүгін салмақ өлшеп, артынан көз арбасу рәсімін өткізді. Спорттық шара кезінен түсірілген видеоны Қуат Найман өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Хамитов-Аббасов жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791200-tituldy-zekpe-zek-kuat-najman-zirbajzandyk-karsylasymen-kz-arbasty/

pixel