RU
Тоқаев: Абайдың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Абайдың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек

Рассказать Вконтакте

Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы дата мемлекеттік деңгейде атап өтілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы халқымыздың тарихтан тағылым алып, ұлы бабаларымызды әрдайым ұлықтай білгенін айтып, ұлы Абайдың мұрасы "Рухани жаңғырудың" маңызды бағдарына айналуы қажет екенін атап өтті.

"Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше.
Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу", - деді Тоқаев.

Президент үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel