RU
Цеснабанк атауын өзгертіп жіберді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Цеснабанк атауын өзгертіп жіберді

Рассказать Вконтакте

"Цеснабанк" АҚ атауын өзгертті. Ағымдағы жылдың 29 сәуірден бастап қаржы институты "First Heartland Jýsan Bank" АҚ аталады деп хабарлайды екінші деңгейдегі банктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

"Jýsan Bank" өзінің клиенттеріне мәлімдеме жасады.

Қаржы институты құжаттар мен банк карталары cол күйінде қалатынын хабарлады.

Банк ағымдағы жылы сыртқы жарнамалар элементтері алмастырылатынын, Jýsan Bank логотипі мен банктің жаңа өнімдері жазылатынын жеткізді.

"Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – Ұлы Даланың жаңғыруы мен жаңаруыныңнышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады.
Біздің Банктің латын жазулы қазақша жаңа атауы - Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді" , - деді банктің басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel