RU
Ақтауда күзетші бір миллион теңгеден асатын алкогольді сусындарды ұрлаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда күзетші бір миллион теңгеден асатын алкогольді сусындарды ұрлаған

Рассказать Вконтакте

Ақтауда күзетші бір миллион теңгеден асатын алкогольді сусындарды ұрлаған. Ол виски, текила, коньяк сияқты қымбат өнімдерді көшеде кездескен тұрғындарға сатыпты. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының судьясы Аида Бұлақбаева мәлім етті деп хабарлайды tumba.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Тумба

фото: Тумба

Іс материалдарына сәйкес, 32 жастағы Г. есімді азамат Өмірзақ ауылында өндіріс базасын күзетіпті.

Оның спиртті ішімдіктер тұрған қоймаға кіруге рұқсаты болған және осы мүмкіндікті пайдаланған.

Үш айдан соң ішімдіктердің жоғалғаны анықталыпты. Күзетші де сол уақытта ұсталды.   

Айыпталушы үш айда абсент, арақ, виски, мартини, шарап, шампан сияқты өзге де спиртті ішімдіктердің бірнеше жәшігін ұрлапты.

Келтірілген шығын 1 302 294 теңгені құрап отыр.

Күзетші өзінің істегендерін толық мойындаған.

Ол ұрлаған ішімдіктерді көшеде бейтаныс адамдарға сатқанын да жеткізіпті.

Бұдан бөлек, күзетші базадан қара металды да ұрлаған және оны метал сынықтарын қабылдау орындарына өткізіп жіберген екен.

Г. есімді азамат шығынды иесіне өтейтінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауды сұрады.

"Айыпкер кінәлі екендігін өзі мойындады және оның әрекетінен зардап шеккен азаматтың дәлелдері мен өзге де материалдар Г-ның айыпты екендігін көрсетіп отыр. Жалпы алғанда оның айыбы өзі мойындамаса да дәлелденетін еді. Ол үкімнің қатаң болмауы үшін бәрін жасады. Бірақ зардап шеккен азамат оны кешірмей отыр. Өйткені ол шығынды өтемеген. Енді оған Қылмыстық кодекстің 188 бабы 3 бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Яғни бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иесіне білдірмей ұрлады", - деді Аида Бұлақбаева.

Айыпталушыны сот кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.   

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel