RU
"Сені сүйгенді алма": Нұр-Сұлтандық жігіт ер азаматтарға кеңес берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Сені сүйгенді алма": Нұр-Сұлтандық жігіт ер азаматтарға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Бес жыл бұрын үлкендердің қыспағымен өзі сүймеген қызға үйленіп, өзін де, өзгені де бақытты ете алмаған азамат жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, жігітті болашақ жарымен табыстырған екі жақтың ата-анасы екен KAZ.NUR.KZ.

Фото: johnnyparker.com

Фото: johnnyparker.com

Өзінің іштегі мұнымен бөліскен Нұрлан есімді кейіпкердің айтуынша, екі жылдан бері кездесіп жүрген сүйген қызы өзіне опасыздық жасаған. Ал сүйіктісінің сатқындығы оны ойланбаған қадамдар жасауға итермелеген.

"Мен Айгерім деген қызбен екі жылдың көлеміндей жүріп жүрдім. Бірақ соңғы кездері менің ту сыртымнан басқа жігіттермен сөйлесіп, көңіл қосып жүргенін білмеген едім. Уақыт өте құрбыларынан бар шындықты білдім. Сатқындық жасаған адаммен өмірімді жалғастыра алмайтынымды білген соң, бірден арамызды үздім. Оған деген сенімім қалған жоқ еді", - дейді жігіт.

Ер азаматтың сөзінше, оның анасы құрбысының қызын аузынан тастамайтын. Сол бойжеткенді өзінің келіні ретінде көргісі келген екен. Оған қоса ол қыздың жігітте көңілі барын бәрі білген.

"Өзім шын сүйген адамым сатқындық жасағаннан кейін, басқаларына сенуден қалдым. Сүйсең - қадірің жоқ деп ойладым. Сол себепті анам құрбысының қызына үйленуге ұсыныс тастағанда, тіпті, ойланғаным жоқ. Келісімімді бердім. Қазір сол шешімім үшін өкінемін", - дейді ол.

Нұрлан өзін сүйген адамға үйленіп, бес жылдың көлеміндей отау құрған. Бірақ осы уақыт аралығында бала сүйіп, толыққанды отбасы бола алмаған. Оның айтуынша, ол тіпті жарын қадірлемеген екен.

"Ол мені шын сүйетін. Мені құрметтеп, бар жағдайымды жасайтын. Оның бар кінәсі мені сүйгенінде еді. Мен де оны жақсы көріп кетермін деп ойладым. Қолымнан келген жоқ...Ажырасып кеттік.
Бұрынғы махаббатыма қасарысып, ата-анамды тыңдап, осындай қателікке жол бергенім үшін өкінемін. Мені сүйген адамның көз жасына қалдым. Өзің сүйген, өзіңді қадірлейтін жанды жар етіп алу керек екен. Мен өз ісіммен ешкімді бақытты ете алмадым", - дейді мұңын шаққан кейіпкер.
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
12
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel