RU

Жаңаөзендік әйел үшем дүниеге әкеліп, алты баланың анасы атанды

Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Маңғыстау облыстық перинаталды орталығында үшемді өмірге алып келді деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Лада
фото: Лада: Facebook

Үшем 2 сәуір күні облыстық перинаталды орталықта өмірге келген.

Бірақ нәрестелердің ата-анасы мұны ешкімге айтпауды жөн санапты.

Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны, үшемнің анасы - Кәмшат Төребекованың сөзінше, ұлдың салмағы 1090 грамм, қыздардың салмағы 1990 және 2500 грамм болған. Оның бұдан бөлек 3 баласы бар.

"Жүктіліктің жетінші айында Кәмшаттың денсаулығы нашарлады. Осыған байланысты оған кесір тілігі жасалды. Қазіргі уақытта нәрестелер дәрігерлердің қадағалауында, олардың жағдайлары тұрақты. Кәмшат үшемді дүниеге әкелетінін жүктіліктің бірінші айында білген", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер үшемдер салмақ қосқан соң, анасы мен оларды перзентханадан шығаратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792176-zaazendik-35-zastagy-kelinsek-sem-dniege-keldi.html