RU
Тоқаев: Қазақстан армиясы – күшті әрі мобильді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Қазақстан армиясы – күшті әрі мобильді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына "Айбалта-2019" командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері мен міндеттері туралы баяндалды. Оқу-жаттығу барысында шартты қарсыласты жою кезіндегі Қарулы Күштердің мүмкіндіктері көрсетілді.

Қазақстан президенті командалық пунктке барып, әскери техникалар мен қару-жарақ үлгілерін, инфрақұрылымдық нысандарды, соның ішінде модульді жылжымалы госпитальді, механикаландырылған нан зауытын, азық-түлік қоймасын, пилотсыз ұшатын аппараттарды басқару пунктін аралап көрді.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Жоғарғы Бас қолбасшы әскерилерді оқу-жаттығуды табысты аяқтауымен, сондай-ақ, алдағы Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

"Қарулы Күштердің басты міндеті – Тәуелсіздік пен ел аумағының тұтастығын қорғау. Мемлекеттің сенімді қалқаны әрі тірегі саналатын Қазақстан армиясы – күшті әрі мобильді. Бүгін сіздер тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің қуатын көрсеттіңіздер. Әскери бөлімшелер кәсіби дағдылары мен жауынгерлік рухын іс жүзінде дәлелдеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы далаға тігілген әскери лагерьге барып, "солдат ботқасынан" дәм татты, қатардағы сарбаздармен әңгімелесті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel