RU
Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы жантебірентерлік жазба жариялады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы жантебірентерлік жазба жариялады

Рассказать Вконтакте

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы желіде жантебірентерлік жазба қалдырып, келінінің бойындағы адамгершілік қасиеттерді тізіп берді. Қайрат Нұртастың анасы үлкен келініне қатты сөйлеп қоятын кездері де болатынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова келініне арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Менің Жұлдызым отбасымызға келін болып өте жас келгендіктен бе, келін болған осылай болу керек деген кіршіксіз жүрегімен, әрбір ісіне тиянақты мән беріп, жүрегімізден төрінен орын алып, тез бауыр басып, қайын інілеріне туған әпкесіндей болып кетті. Тіптен қызымыз жоқ деуші едік. Алла арманымызды орындағандай, үйге кіргенімізде Жұлдыз атына лайықты жұлдыздай жарқырап, үйімізге нұр төгілгендей жүрегімізге шуақ шашты.
Жұбайым екеуміздің бітпейтін әңгімеміз, қуанышымыз етіп қос-қос ұл мен қыздарды өмірге алып келіп, өмірге деген құлшынысымызды арттыра түсті. Бүгінде менің сырласыма айналды. Ал оның дайындаған дәмін жеген де арманда, жемеген де арманда. Баламыз сыртта жүргендіктен, немерелеріміздің тәрбиесі, барлығына өзі үлкен жауапкершілікпен қарайтыны тағы бар. Біреуін - спортқа, ал бірін музыкаға қосымша сабақтарға алып барып, қуанышын бөлісуден шектелген емес", - дейді хитменнің анасы.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова келініне жылына бір-екі рет қатты сөйлеп қоятынын, ол бұл үшін кешірім сұрағанда жасырынып жылап алатынын да айтып берді.

"Біздің батамызбен "керегесі кеңейіп, ұл-қыздары бақытқа жеткізсін деп дұға тілеумен отырамын. Мен өзім жылына 1-2 мәрте пысысын деп қатты сөйлеуім мүмкін. Бірақ "Мама кешіріңіз" деген сөзін естіп, жүрегім езіліп ешкімге көрсетпей жылап та алатын кездерім болады.
Бетіңнен алмай, кішіпейілдікке тәрбиелеген ата-анасына мың тағзым! Құда болса менің құда-құдағиымдай құдаларды сіздерге де нәсіп етсін, Алла! Өз абысындарым да көбіне "Сенің құдаларыңдай құда, келіндеріңдей келін бұйыртса екен" деген армандарын жасырған емес", - деді продюсер.

Қайрат Нұртастың анасы келінінің тік мінезділігін және өзіне ұқсайтынын да мақтанышпен айтты.

"Рас, руы кіші жүз болғандықтан бетке айтып кейде жек көрініп қалатыны бар. Адамның сыртынан пыш-пыш өсек айтпайды. Ол мінезін мен жақсы түсінемін. Себебі, анасына қарағанда маған көбірек ұқсайды. Негізі мен Жұлдызды көзінше көп мақтамаймын. Тек сыртынан күйеуіме, балама айтып отырамын.
Мақтауды сіздерге де сыртынан айтып мақтанып отырғаным ғой. Әрбір мықты азаматтың өсіп-өнуінің сыры ана мен әйелінің арқасында болады. Қайраттың шалқып жүргені тек менің емес, Жұлдызымның да еңбегі. Менің Жұлдызымдай келін сіздерге де бұйырсыншы", - деп жазбасын аяқтады Гүлзира Айдарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қайрат Нұртастың сахнада жұбайымен шыға бастағанын айтқан болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
9
0
2
1
1
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel