Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын сіңлісінің көршісімен ойнас болғанын біліп қойған әйел елден ақыл сұрады

Жарияланған күні:

Диляра есімді келіншек қайын сіңлісінің отбасылы еркекпен ойнас болып жүргенін біліп қойғанын айтып, мұңын шақты. Әйел адамның сөзінше, ол жұбайына жүрісті қыздың әрекеттері жайлы тіс жармаған. Диляра өзінің сөзімен күйеуін сендіре алмайтынын ойлап, дал болып жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: hiplatina.com
Фото: hiplatina.com: UGC
"Бірнеше апта бұрын қайын сіңлімнің көрші үйден шығып бара жатқанын көріп қалдым. Соңғы кездері соларға жиілеп баруды шығарды. Көрші қызбен әңгімесі жарасқан екен деп ойлап қана қойым едім. Сөйтсем біздің қыз сол үйдің ер азаматымен әмпей-жәмпей болып жүр екен", - дейді келіншек.

Әйелдің сөзінше, ол көршілерін жақсы танымаса да, жиі көріп тұратын.

"Өткен аптада көрші әйелді көшеден көріп қалып, онымен әңгімелесуді жөн көрдім. Астыртын қайын сіңлім туралы да сөз бастадым, бірақ ол оны танымайтынын айтты", - дейді Диляра.

Келіншек 19 жастағы бойжеткеннің отбасылы ер азаматпен кездесіп жүргенін жұбайына қалай айтарын білмей, дал болған.

"Қайын сіңлім көрші үйге әйел жоқ кезде баратынын ұқтым. Бірақ бұл жағдайды үйдегілерге қалай жеткізерімді білмеймін. Ата-енем естісе, оларға қатты соққы болатынын білемін. Тым құрығанда жұбайыма айтсам деймін. Бірақ менің сөзіме ол сенер ме? Қайын сіңлім мінезін тек маған көрсетеді. Басқалар оның сұрқия екенінен бейхабар"
"Қайын сіңліммен сөйлесіп те көрдім. Ол беті бүлк етпестен бәрін мойындады. "Бір-бірімізді сүйеміз. Үйленеміз" деп отыр. Көрші әйелге жаным ашиды. Мен де әйелмін, жұбайым бар. Қайын сіңлімді тәубесіне келтіріп, сазайын бергім келеді", - дейді кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792512-kajyn-silisini-krsisimen-ojnas-bolganyn-bilip-kojgan-jel-elden-akyl-srady/