RU
Роза Рымбаева неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева неліктен екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Роза Рымбаева жұбайы Тасқын Оқапов өмірден өткеннен кейін неліктен қайта тұрмыс құрмағанын ашып айтты. Халық әртісі өзіне ғашық болып, жағдайын жасамақ болғандар жайлы жасырмай баяндап берді деп жазады Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алайда өнер иесі өзін таныстырмақ болғандар мен ғашық азаматтардың бетін қайтарып отырған.

"Әрине жеке басыма келсем, маған ғашық болған адамдар да болды. Маған "Барлық дүниені, жағдайыңды жасаймын, Роза. Сені бақытты қыламын" дегендер болды. Қазір екінің бірі "Неге бұл кісі жалғыз?" деп ойлайды ғой. Мен екі балама өмірімді арнауды шештім. Осы күнге дейін сол жолмен келе жатырмын. Екі баламның ешкім әкесі бола алмайтын сияқты.
Маған ғашық болған жігіттер әлі де бар. Біреулер тіпті мені таныстырғысы келеді. "Осындай жігіт бар. Жалғыз" дейді. Сосын мен "Ондай әңгімені қойыңдаршы" деймін. Олар болса, "Қашанғы жалғыз жүресің? Осындай керемет азамат. Жасы да келеді. Мәдениеті де бар. Екеуің бір-біріңді толықтырып, бірге жүрмейсіңдер ме?" деген әңгіме болады.
Жоқ! Өмірімнің жартысынан артығын екі ұлыма арнадым. Енді қанша өмірім қалды?! Өмірдің көбі кетіп, азы қалды дейді ғой. "Балаларыммен бірге болайын. Немере сүйсем, келіннің қолынан шай ішсем" деген еркелік бар енді. Кім біледі, оны? Қазақта "Келінге келін болсаң жағасың" дейді. Оның барлығын уақыт көрсетеді", - деді халық әртісі.

Роза Рымбаеваның әндерін "Музыка Нур" қосымшасында тындаңыздар>>

Премиум қол жеткізуді Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін алыңыз. Толығырақ>>>

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
3
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel