RU

Семейде темір жол бойынан граната табылды

Семейдегі темір жол өткелінің маңынан граната табылды деп хабарлайды altaynews.kz.

Фото:ukraina.ru
Фото:ukraina.ru: Instagram

Семей тұрғыны 30 сәуір күні 102-ге хабарласып, гранатаға ұқсайтын зат тауып алғанын айтқан.

Осыдан кейін оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем жіберілген.

Айта кетейік, снаряд теміржолдың төсеме үймесінің арасынан табылған.

Қазір құқық қорғау органдары жарылғыш заттың қауіптілігін тексеруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792621-semejde-temir-zol-bojynan-granata-tabyldy.html