Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде жолаушылар ұшағы өртеніп, 41 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында жолаушылар ұшағы өртке оранып, 41 адам қаза тапты. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәскеуде жолаушылар ұшағы өртеніп, 41 адам қаза тапты

5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған. Олардың арасында балалар да бар.

Life.ru хабарлауынша, 6 адам зардап шегіп, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жеткізілген. Олар термоингаляциялық жарақаттар алып, денелерін күйік шалған.

Mash Тelegram-арнасы қаза тапқандар арасында бортсеріктердің бірі - Максим Моисеев болғанын жазады.

Ол төтенше жағдай кезінде ұшақтың артқы жағында қалып қойған жолаушыларды құтқарамын деп соңғы сәтке дейін салоннан шықпаған.

Алдын ала болжам бойынша, стюард газға уланып, қайтыс болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792702-mskeude-zolausylar-sagy-rtenip-41-adam-kaza-tapty/

pixel