RU
Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар мерекесіне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды табыс етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Бүгін, 6 мамырда мемлекет басшысы 26 адамды марапаттады. Олар "Даң", "Айбын", "Құрмет" ордендеріне, сондай-ақ "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарына ие болды.

Ақордада таңертең ІІМ, ҚМ, ҰҚК, БАс прокуратура және МҚК қызметкерлері бас қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

1-дәрежелі "Даңқ" орденімен Қарулы күштердің бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Алдабергенов, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Қарулы күштері Құрлықтағы әскер бас қолбасшысының орынбасары Василий Рысбаев;

2-дережелі "Даңқ" орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы Сәбит Құрманәлиев және Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов марапатталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Ал 2-дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік күзет қызметі президент күзеті қызметінің бас инспекторы Виктор Балясников, Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов, ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Ринат Көкімбаев, 48386 әскери бөлімінің командирі Талғат Құсайынов, ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков, 28738 әскери бөлімінің командирі Жанат Расқұлов,

Атырау қалалық полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстембек Сүндетовке, Қарулы күштер Әуе қорғаныс күштері әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Нұрболат Топаев, 03858 әскери бөлімінің командирі Мейрам Хамзинге табыс етілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Бұдан бөлек, 3-дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік күзет қызметі нысандарды қорғау қызметі "Айбын" президенттік полкының аға маманы Амангелді Хуайыновқа, "Құрмет" ордені ҚР Бас прокуратурасы үкімдердің заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары Радимхан Дубаеваға берілді.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel