Шереметьевода тағы бір "Суперджет" ұшағының жолаушылары эвакуцияланды (фото)
Опубликовано:
Бүгін Шереметьево әуежайында тағы бір "Суперджет" ұшағының жолаушылары эвакуациялағаны туралы ақпарат пайда болды деп хабарлайды Mash Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Арнаның мәліметінше, әуе кемесінің ішінен күйген сымның иісі шығып тұрған.
Анықталғандай, Мәскеу-Рига рейсі кеше сағат 11:00 шамасында ұшып шығуы керек болған. Алайда, рейс орындалмаған.
Оқиғаның себеп-салдарын анықталғанша, жолаушыларды лайнерден қауіпсіз жерге шығару туралы шешім қабылданған.
Еске сала кетейік, бұған дейін бесінші мамыр күні Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100-95B ұшағы өртеніп кетті.
Мәскеуден Мурманск қаласына ұшып шығып, қайта оралған 78 жолаушының 41-і қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793000-seremetevoda-tagy-bir-superdzet-sagyny-zolausylary-evakucialandy-foto/