RU

"Байзақоваға сырға салынды". Желіде тараған видео елдің назарын аударды

Әлеуметтік желіде ақ орамалды аруға сырға тағып жатқан келіншектердің видеосы тарады. Желі қолданушылары бейнежазбадағы қызды отандық блогер Айжан Байзақоваға ұқсатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, Instagram
Фото: Видеодан кадр, Instagram: Getty Images

Qazaqstanda парақшасында жарияланған бейнежазбадан басына ақ орамал таққан қыздың құлағына қазақша киім киген әйелдердің сырға тағып жатқанын байқауға болады.

Желіде желдей ескен видеоны көрген жұрт ақ босағалы аттағалы жатқан қыз Айжан Байзақова екенін айтуда.

"Байзақова ма?" , "Байзақоваға ұқсайды екен", "Мен ғана Байзақова деп ойладым ба?", "Байзақовадан аумайды", "Жарайсың, Айжан"-деп жазды олар.

Желі оқырмандары арасында сырға салынатын қыздар ақ орамал тақпау қажеттігін айтқандар да табылған. Олардың қатарында қызға қызыл орамал тағу керек дегендер де бар.

Бір қызығы, Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов өз Instagram парақшасындағы Insta-stories бөлімінде дәл осы видеомен бөліскен. Ол дастархан басында отырып түсірген бейнежазбасын "Ура" деген сөздермен толықтырған.

Алайда, видеодағы арудың кім екені нақты белгісіз. Бұл бейнежазбаның кезекті кинокартинаның үзіндісі болуы да мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793863-bajzakovaga-syrga-salyndy-zelide-taragan-video-eldi-nazaryn-audardy.html