RU
Алматыда ұшақтың не себепті құлағаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұшақтың не себепті құлағаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқан UP-LA231 Tecnam-P2002-JF әуе кемесіне қатысты тергеудің аяқталғанын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: видеодан кадр

Оқиға орнынан фото: видеодан кадр

ҚР ИИДМ әуе апаттары мен оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, комиссия келесідей қорытындыға келіп отыр: адам өмірін жалмаған әуе апаты кезінде ұшақ қатты желге тап болған.

Ол мұның арты ұшу кезіндегі айқын қауіп-қатерді туындатқанын жеткізді.

Жұмасұлтанов экипаж бұл кедергіні еңсере алмағанын алға тартты.

Ол соңғы ұшу кезінде - биікке көтерілер уақытта қозғалтқыштың қуаты уақытша бәсеңдеп қалғанын да атап өтті.

Басқарма басшысының сөзінше, жоғарыда аталған себеппен қатар авиациялық оқиғаның маңызды қосалқы себебінің бірі - биікке ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы болып табылады.

"Өзге де қосалқы себептер: осы авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында "Training Сenter Part-FCL" ЖШС АОБ жұмысында кемшіліктер анықталды, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздіктер де белгілі болды. Мәселен, ұшақтар "Азем" аэродромынан ұшырылып жүрген. Алайда құжат бойынша ол жерден ұшақтарды ұшыруға рұқсат берілмеген", - деді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Ол таулы өрлердің жел бағытының өзгеруіне ықпал ете алатындай ой-қыры бар екендігін білдірді.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдайда ұшақ үдеуші желге тап болып, жылдам биікке самғай бастаған.

"Ақыры, желге тап болыпты. Мұндай қалыптан тыс жағдайда экипаж басқару тетігін өзіне тартқан. Ақыры, мұның арты жайсыз болды. Осының салдарынан жанар-жағармайлы әуе қозғалтқышы уақытша бұзылған.
Ұшақтың жылдамдығы баяулап, қозғалтқыштың қуаттылығы бәсеңдегеннен кейін ұшақ жерге құлаған", - дейді әуе апаттары мен оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 тамызында "Азем" аэродромында Tecnam-P2002-JF әуе кемесі апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel