RU
"Келісе салады": Асылхан Төлепов отандық киноның былығын әшкереледі
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Келісе салады": Асылхан Төлепов отандық киноның былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Жұртшылыққа "Жау жүрек мың бала" тарихи туындысы арқылы танылған Асылхан Төлепов отандық кинодағы олқылықтар туралы айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, қазір киноның сценарийінен - сапа, ал актердың қаламақысынан - құн кеткен.

Кино мансабындағы әр қадамын аңдап басатын актерға ұсыныс көп болғанымен, ол көңіліне жаққан туындыны таңдап, талғап түсетін көрінеді.

Асылхан Төлеповтің фильмге түсу үшін қоятын басты талаптарының бірі сауатты сценарий екен.

"Қандай деп сұраймын ғой. "Жас бала, махаббаттан күйзеліп шегіп кетті, ішіп кетті. Жолы болмай, үйленейін деген қызы жол көлік апатына түсті, мерт болды" деген сценарийлер. Ол біздің қазіргі қоғамға керек пе, керек емес пе білмеймін. Сол үшін мен бас тартамын.

Бас тартқан себебім: Біріншіден, көп уақытыңды алады. Және де сол уақытқа лайықты қаражат бермейді. Жай келісе салады.

Біріншіден сен өзіңнің жұмысыңды өзің бағалау керексің. Өз-өзіңнің бағаңды білу керексің. Осы соңғы экранға шыққан фильмдерім "Финансист" және "Көкпар" туралы фильм. Қырғызстанда "Көк бөрі" деп шығарды. Енді ол фильмдердің мағынасы бар, айтар ойы бар", - деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, Асылхан Төлепов 2018 жылы алғаш рет әке атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel