Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов ауылдағы ата-анасын үш қабатты зәулім үйіне көшіріп алды (фото)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов өткен жылы құрылысын аяқтаған үш қабатты зәулім үйіне Қызылорда облысындағы ата-анасын көшіріп алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында мәлім етті.

"Бүгін ауылдан ата-анамыз Алматыға қоныс аударды. Көш көлікті болсын", - деген әнші ауызашар сәтінен сурет жүктеді.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл ісіне сүйсініп қалған.

"Ең бақытты сәттің бірі дәл осы дастархан. Жоғарыда жарқырап асқар тауың отырса, одан асқан не бақыт?", "Қоныс жайлы болсын", "Үлкендер аман болсын! Отбасыңнан бақ таймасын! Өзіңе Аллам жар болып, өнерің өрістей берсін! Сендей ұлды дүниеге әкеліп, осындайды көрген ата-анаң бақытты ғой".

"Ата- аналарыңыздың өмірі ұзақ болсын", "Қонысы жайлы, құтты, берекелі болсын! Ата - анаң жақында отырсағ сенен көңілі бай, көңілі жәй адам жоқ. Құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Өмірқұл Айниязов өткен жылы Алматыдан үш қабатты зәулім үй салған болатын. Әншінің хан сарайындай үйінің құрылысы екі жылға созылған.

Сондай-ақ әнші осыдан бір ай бұрын әкесінің 63 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794344-mirkl-ajniazov-auyldagy-ata-anasyn-s-kabatty-zulim-jine-ksirip-aldy-foto/

pixel