RU
"Сыйлықты алмады": Дүйсембаевқа ат мінгізген тұрғындар шендіні жақтап шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Сыйлықты алмады": Дүйсембаевқа ат мінгізген тұрғындар шендіні жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының полиция басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты жанжал жалғасын тапты. Полиция басшысына сыйлық тарту еткен ауыл тұрғындары оны жақтап петиция жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сыйлықты қабылдамаған": Атырай облысының полиция департаментінің басшысын жақтаған петиция пайда болды

Фото: Видеодан кадр/Атырау облысы тұрғындарының жазған арызы

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде және БАҚ-та департамент басшысының көп адамның ортасында атқа мінген сәтінің видеосы тараған еді.

Аймақтың бас полицейінің бұл қылығын президенттің өзі сынға алды. Тоқаев ішкі істер министріне тергеу жүргізіп, Дүйсембаевке қатысты қатаң шара қолдануды тапсырған болатын.

ІІМ роликті зерттеп жатқандарын жеткізді.

Ал NUR.KZ редакциясы сыйлықты жасаған ауыл тұрғындары жазған арызының соңғы үлгісін алды.

Петицияда Аян Дүйсембаевтың сыйлықтан бас тартқандығы айтылған.

"Адамдарды ренжітпес үшін, тұлпарға отырып, бір айналып, ақсақалдардың батасын алып, үйіне қайтқан. Сол сәт БАҚ-қа шығып, теріс пікірлер тудырған. Неге? Қалай?", - деп жазылған 10-нан аса адам қол қойған арызда.
"Біз, ауыл тұрғындары ант ете аламыз, себебі бәрі көз алдымызда болды. Аян Дүйсембаев сыйықты қабылдамады, тұлпар әлі де қожайынында", - деп жазылған петицияда.

Сондай-ақ, хабарламада бұл келеңсіз түсініспеушілік реттелуі керектігі" баса айтылған.

"Сыйлықты қабылдамаған": Атырай облысының полиция департаментінің басшысын жақтаған петиция пайда болды

Сіздің реакцияңыз
36
6
1
4
3
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel