RU
Ақтөбеде емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытқан тұрғын сан соғып қалды

Ақтөбеде емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытқан тұрғын сан соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік тұрғын қолында емізулі баласы бар жұпқа аяушылық танытып, өз пәтерінде тұруға рұқсат берген. Жас жұбайлар жөргек пұл мәселесін шешкен кезде пәтердің ақысын төлеуге уәде еткен. Алайда оның орнына үйдегі бағалы заттарды алып, ізін суытқан деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sovetov.su

Фото: sovetov.su

Сот айыпталушының бір жылға бостандығын шектеді.

Жас ана үйдегі ноутбук, ұялы телефон мен киім-кешекті ұрлап кеткен. Ол заттардың жартысын сатып, басқа жалдамалы пәтердің ақысын төлеген. Осылайша ана сот алдында жауапқа тартылды.

Әйел адам өз сөзінде бір бөлмені жалдап тұрып жатқанын, жөргекпұл мәселесін шешкенін және көлік жуатын жерде жұмыс істеп жатқанын айтып, жәбірленушіге келтірген залалды өтеп беруге уәде еткен.

Сот жас анасын ұрлық жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырды.

Әйел адам бостандықта жүргенімен, дәмханалар мен мейрамханаларға баруға тыйым салынған.

Пробация қызметі қылмыскердің бостандықта немен айналысып жүргенін бақылайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel