RU
Тәжікстандағы колонияда ИМ қатысушылары бүлік шығарып, 32 адам қаза болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тәжікстандағы колонияда ИМ қатысушылары бүлік шығарып, 32 адам қаза болды

Рассказать Вконтакте

Душанбе маңындағы колонияда "Ислам мемлекетіне" мүше болғаны үшін сотталғандар үш бақылаушыны тұтқынға алып, өлтірген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәжікстан колониясында Имлам мемлекеті өкілдері бүлік шығарып, 32 адам қаза болды

Көрнекі сурет:m.saratovnews.ru

Бүлік Вахдаттағы қатаң режимді колонияда шыққан. Оған 30-ға жуық тұтқын қатысқан. Олар пышақ пен басқа өткір заттармен қаруланып, өздерін босатуды талап еткен.

Келіссөздер барысында бүлікшілер арасында түсініспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстарға ұласқан. Салдарынан сегіз тұтқын қайтыс болды.

Түзету мекемесінің бірнеше қызметкері жараланды. Осыдан кейін колония әкімшілігі қатаң шара қолданған. Қылмыскерлер арасында құрбандар бар.

Соңғы ақпарат бойынша бүлік кезінде 29 адам қаза болды.

Билік жағдайды өз бақылауына алғаннан кейін сегіз адам, оның ішінде түзету мекемесінің басшысы да тұтқындалды.

Оқиға салдарынан Согды облысы прокуратурасының бірнеше қызметкері қызметтерінен шеттетілді.

Жазаны өтету басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Оның орнына жаңа басшы тағайындалған.

Жалпы құрбандар саны - 32 адам.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel