RU
"Жұлдызды жекпе-жек": Бауыржан Ретбаев келеңсіз жайттарды жайып салды

"Жұлдызды жекпе-жек": Бауыржан Ретбаев келеңсіз жайттарды жайып салды

Рассказать Вконтакте

"Жұлдызды жекпе-жек" қатысушысы Бауыржан Ретбаев сайыс кезіндегі келеңсіз жайттар туралы айтып берді деп жазады Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сұқбат барысында Бауыржан Ретбаев жұлдызды жобаның көрерменге беймәлім болып қалған тұстарын баяндады. Әнші "Жұлдызды жекпе-жектің" жартылай финалына дейін жеткен.

"Ол жерде ешкімге өкпе-назым жоқ. Конкурс деген сол ғой. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Айтып кетейін мен ренжіген жоқпын, бірақ адам болған соң бір нәрсе бәрібір қалады ғой.

Жекпе-жек ұжымынан кешірім сұраймын. Бірақ, жартылай финалда бірінші әнімде менде артымда бишілер болды. Екінші әнімде қойылым болды.

Өзім түсінбей қалдым. Әнімді тоқтатып, бишілерімді алып тастады. Бірінші әнімді айтып жатқанымда оны тоқтатып тастады.

Негізі конкурста ән тоқтату деген дұрыс емес. Қағидасына келмейді. Бірақ, соны тоқтатып тастады. Бишілерімді де алып тастады.

Олар билегенде камера қозғалып кетіп жатыр деді ма, білмеймін. Түсінбей қалдым өзім. Сайыста кез келген әнші әніне бар тәнін салып шығады және конкуртса жай ән айтылмайды, тек қиын әндер.

Бірінші әніме көп энергия жұмсап қойдым. Екінші куплетті айтып жатқанымда әнді тоқтатып тастады. Қайта басынан айт деді. Энергияны да беріп қойдым, өзі қиындау ән еді. Сол себепті қатты жеткізе алмадым екінші рет орындағанымда.

Екінші әнімде артымда қыз бен жігіт қойылым жасау керек болған. Оны да алып тастады. Оны мен не үшін екенін түсіне алмадым.

Қойылым қалай шықпай қалғанын өзім ұқпай қалдым. Сахнадан шығып, киім ауыстырдым. Сұқбат беріп болған соң, екінші әнді айту керек. Оны айтып жатып, артыма қарасам қойылымым жоқ.

Ол да алынып қалған болар деп топшыладым. Осындай жағдайлар болды" , - деді Ретбаев.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel