RU
"Шымкентке жету қайда?": Танымал асаба оңтүстікте тойға қанша ақша жұмсалатынын айтты

"Шымкентке жету қайда?": Танымал асаба оңтүстікте тойға қанша ақша жұмсалатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айынан кейін Қазақстанда той науқаны қыза түспек. Елордалық той агенттіктері қазірдің өзінде мерейтойлар мен үйлену тойларына дайындықты бастап кеткен. Бұл науқанда әсіресе танымал асабаларға деген сұраныс арта түседі. Қай өңірдің тұрғындары тойға ерекше дайындалады? Қазақстандықтар бір тойға қанша ақша жұмсауы мүмкін? KAZ.NUR.KZ тілшісі белгілі асабамен тілдесіп қайтты.

Көрнекі фото: doverie.org

Көрнекі фото: doverie.org

Нұр-Сұлтанға осыдан бес жыл бұрын қоныс аударған асаба оңтүстік тұрғындарының тойға кімдерді шақыратынын әрі қанша қаражат жұмсайтынын айтып берді. Айтуынша, шымкенттіктер тойдан ақша аямайтын көрінеді.

"Той науқаны қазір көктемнен қысқа дейін жалғасатын болады. Бір тойға қанша алатынымды айта алмаймын, құпия сақтағым келіп отыр. Бірақ аз емес, себебі мен екі тілде де той жүргіземін. Оңтүстік тұрғынды болғандықтан, туған жерге тойға жиі шығамын.

Шымкент тұрғындарын білесіздер, тойдан ақша аямайды. Қазақстанның талай облыс, қалаларында той жүргіздім.

Бірақ Шымкент сияқты тойға шашылатын өңір көрмеппін. Жастар мейрамханаға "гелендермен" келуден бастап, шетелдің әртістері, Өзбекстанның әншілеріне дейін шақыратындар – дәл осы шымкенттіктер.

Осыдан бірнеше жыл бұрын досымның тойын жүргіздім. Нақты сомасын айтпай-ақ қояйын, бірақ қазіргі бағаммен есептегенде, астанадағы екі-үш бөлмелі пәтердің ақшасы кетті деп айта аламын.

Шақыратын қонақ санында да шек болмайды. Әлі күнге дейін 500-600 адам шақыратын адамдар бар. Қазір бірақ кейбір жастар той жасаудан бас тартып жатыр дегенді естідім.

Бәрі адамдардың өздеріне байланысты, көп шығынданбай-ақ әдемі той жасайтын отбасылар да бар, керісінше, ақшаны миллиондап шашып жасайтындар да бар.

Ал жалпы тойды ұйымдастыру, оған ақша шашу жағынан Шымкентке жету қайда?", - деп күлді асаба.

Сондай-ақ, ол елордадағы тойларға қанша алатынын айтып қалды.

"500 мыңнан кем емес. Жалпы астанада көбінесе ауқатты адамдар немесе жергілікті тұрғындар той жасайды. Ал жан-жақтан келгендер өз елдерінде той жасауды ұйғарады, себебі аз да болса арзанға түседі.

Негізгі мамандығым – экономист, бірақ бірде бір рет өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрмеппін.

Шымкенттен көшіп келген себебім - бұл жақта асабалардың нәпақасы жақсы төленеді, осында көшіп келгеніме мүлде өкінбеймін", - дейді асаба.
Сіздің реакцияңыз
10
4
2
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel