Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Латвия тұрғыны қазақстандықтарды Мәскеудегі азапты құлдықтан құтқарған

Опубликовано:

Латвиялық Лиепаи қаласының тұрғыны Роман Любимов Мәскеуде адамдарды құлдықтан құтқаруға қалай көмектескенін баяндап берді. Құтқарылғандар арасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болған. Бұл туралы delfi.lv сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Баланы мүшелеп сатуға алып кетті": қазақстандықтарды Мәскеудегі құлдықтан құтқарған латвия тұрғыны шындықты жайып салды
Көрнекі фото: mk.ru: Twitter

Роман "Альтернатива" ұйымының белсенділеріне көмектескен. 2012 жылы олар қазақстандықтарды және Орталық Азия елдерінің басқа да азаматтарын құлдықта жүрген дүкеннен азат етуге атсалысқан.

Адамдар еденде ұйықтаған, кейбіреулерінің құлдықта жүргеніне 12 жыл болған. Романның сөзінше, олар кез келген қателік үшін соққыға жығылып отырған. Ал дүкенде камералар толып тұрғандықтан, кемшіліктер үнемі жетіп артылған.

Оның айтуынша, бір бойжеткеннің саусақтарының бәрі сынған. Сондай-ақ ол дүкен қожайынынан екі бала босанған. Ол дүкеннен екі рет, тек босану үшін ғана шыққан. Бірінші баласын Қазақстанға апарамыз деп бірден алып кетіпті. Бірақ бірнеше жылдан кейін баланы сиыр сүзіп тастағанын хабарлаған.

Романның сөзінше, кейін балаларды мүшелеп сатуға әкеткені белгілі болған. Мұндай жағдай төрт рет орын алған.

Келіншектің екінші баласы кішкентай болғанда, бір ата келіп баладан ми-жұлын сұйықтығын алған. Сол сәттен бастап бала дамуы тежеліп қалған. Алты жасында ол үш жастағы баладай көрінген. Ол анасымен жертөледе тұрған.

Романның сөзінше, полиция құрбандарға көмектеспеген. Керісінше адамдар қашып, құқық қорғау органдарына барғанда, оларды қожайынға қайта апарып, соққыға жығып отырған.

Ұйым құлдыққа түскен құрбандарға жолға ақша жинауға және құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. Істі жауып тастауға тырысқандарымен, олар құлдардың азат болуына қол жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1795281-kazakstandyktardy-mskeudegi-azapty-kldyktan-ktkargan-latvia-trgyny-syndykty-zajyp-saldy/

pixel