RU
Досымен бәстескен блогер жігіт оның анасына үйленіп алды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Досымен бәстескен блогер жігіт оның анасына үйленіп алды (фото)

Рассказать Вконтакте

22 жастағы Дэвид Добрик өзінің жақын досы Джейсон Нэштің анасын жар етіп алған. Жолдасымен сөзге келіспей қалған жас жігіт осындай қадамға барыпты деп жазады life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/DavidDobrik

Фото: twitter.com/DavidDobrik

Оқиға Дэвид пен Джейсон арасында пайда болған даудан басталған. Дэвидтің ажырасқан досы оның қарым-қатынас туралы ештеңе білмейтінін және оның болашақта отбасын құруы екіталай екенін айтқан.

Джэйсонның ойынша, жігіт оның басындағы қиындықтарды түсінбейді екен. Себебі ол ешқашан ажырасып көрген жоқ.

Дэвид жауап қата алмағанымен, досынан кек алуды ойға алған. Әңгімеден кейін үш сағат өткен соң ол досының анасы - Лоррейн тұратын Бостон қаласына ұшып барыпты. Жігіт бар жайды Джейсонның анасына ашып айтқан.

Фото: twitter.com/DavidDobrik

Фото: twitter.com/DavidDobrik

Дэвид Лоррейнге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Сондай-ақ, ол бал айын Гавай аралдарында өткізуге уәде берген. Ал әйел адам көп ойланбастан келісіпті.

"Досым менің ешқашан үйленбейтінімді айтты. Сол себепті мен оның анасына ұшып келіп, сөз салдым. Енді досым менің өгей ұлым болып есептеледі. Махаббат әрдайым жеңеді", - деді ол.
Фото: twitter.com/DavidDobrik

Фото: twitter.com/DavidDobrik

Джейсон ерлі-зайыптылардың некесін жай ғана әзіл ретінде қабылдады. Ал блогердің twitter-дегі оқырмандары екіге бөлінді. Бірі Дэвидтің мұндай қылығына тамсанса, енді бірі бұл хабарды күлкіге айналдыра бастады.

Дэвид Добрик Словакияда дүниеге келген. Кейіннен оның ата-анасы АҚШ-қа көшіп барыпты. Жігіт Америкада жұмыс істеп, оқуға мүмкіндік беретін арнайы иммигранттық саясатпен жүр.

Жігіт азаматтық алуға ұмтылмаса да, оны сол үшін үйленді дегендер табылды.

Сіздің реакцияңыз
19
2
4
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel