RU
Тұрғымбаев "Мега" сауда орталығының дәретханасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Тұрғымбаев "Мега" сауда орталығының дәретханасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Күзет ұйымдарының өкілдерімен болған кездесуде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күні кеше Алматыдағы "Мега" сауда үйінде күзетшілер әйелдер дәретханасында кішкентай қызды зорлау әрекетінің жолын кескенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Министр қазір жағдайдың анық-қанығын зерттеп жатқанын айтты.

"Күні кеше "Мега" сауда орталығында ер азамат әйелдер дәретханасында кішкентай қызды зорлауға әрекет жасаған.
Ол тек әрекет болды. Үлгерген жоқ, Кішкентай қыз айғайлай бастаған соң күзетшілер бірден жүгіріп барып, ол адамды (баланы зорламақ болған-ред) ұстап, полиция органдарына табыстады. Қазір бір істің мән-жайын анықтап жатырмыз"- деді Тұрғымбаев.

Бұл жағдай полиция мен күзетшілердің арасындағы нәтижелі қарым-қатынастың үлгісі.

"Міне, нақты қарым-қатынас нәтижесін береді. Мұның барлығы екі-ақ минут ішінде орын алды. Ол бес минутта полицияға табысталды. Бұл барлық тапсырмаларды дұрыс түсіну мен орындаудың белгісі", - деді министр.

Айта кетейік, оқиға 23 мамыр күні болды. Дәретханаға кішкентай қызды алып кірген азамат оған әдепсіз видео көрсете бастаған.

Күдікті дауыстарды көрші кабинадағы келіншек естіп, күзетшілерді шақырған. Педофил ұсталды.

Күдікті осыған дейін де істі болған.

Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel