Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси алтыншы рет "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды

Опубликовано:

Испаниялық "Барселона" клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы алтыншы "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы каталониялық команданың Twitter парақшасында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі осы маусымда 34 ойын өткізіп, 36 гол соққан.

Талантты жас "Псж" ойыншысы Килиан Мбаппе Мессиден 3 доп кем ұрып, екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Мессидің басты "қарсыластарының" бірі португалиялық Криштиану Роналдуда "Алтын бутсы" жүлдесінің төртеуі бар.

Бұл жүлде 1968 жылдан бастап Еуропада дәстүрлі түрде жыл сайын беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1795925-messi-altynsy-ret-altyn-butsy-zldesin-zeip-aldy/

pixel