RU
"Соңғы қоңырау": Биыл жас түлек атанған отандық жұлдыздардың балалары кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Соңғы қоңырау": Биыл жас түлек атанған отандық жұлдыздардың балалары кімдер?

Рассказать Вконтакте

25 мамыр күні біреулер мектепті қимай көзіне жас алса, бірі балалық шағын сағынышпен еске алады. Ал еліміздегі өнер иелерінің балалары соңғы қоңырауды қалай қарсы алды? Биылғы жылы мектеппен қош айтысып, жаңа өмірге қадам басқан жұлдыздардың балалары жайлы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жорабаева, Фариза Төреәлі, Оразымбетова. Фото: Жеке парақшадан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жорабаева, Фариза Төреәлі, Оразымбетова. Фото: Жеке парақшадан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

2019 жылы 11-сыныпты бітірген жұлдызды түлектердің қатарында Меруерт Түсіпбаева мен Гүлнұр Оразымбетованың ұлдары, Алтынай Жорабаеваның қызы мен Төреғали Төреәлінің қарындасы бар.

Гүлнұр Оразымбетова соңғы қоңырауда ержеткен ұлымен вальс билеген сәтін Instagram парақшасында жариялаған.

Сондай-ақ Меруерт Түсіпбаева да жалғыз ұлы Нұрғиса мен анасының бірге түскен суретін желіге салды.

Әншінің айтуынша, ұстаздардың сұрауымен соңғы қоңырауда ұлымен бірге ән салған.

Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы Фариза да биылғы жылы мектеппен қош айтысты.

18-ге жаңа толған ару "Алтын белгіге" үміткер екенін де жасырмай, Instagram парақшасында жазба жариялады.

"11 жыл бойы бізге білім беріп, бойымызға жақсылықты дарытқан ұстаздарымызға мың алғыс! Алла қаласа, аман-есен "Алтын белгіні" алып алсақ болды", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Ал Алтынай Жорабаева өзінің Insta-оқырмандарымен қос бірдей қуанышымен бөлісті.

Биылғы жылы әншінің тұңғышы мектеппен қоштасса, ал кенжесі 1-сыныпты үздік тәмамдаған.

Сіздің реакцияңыз
11
0
4
2
4
35
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel