RU
БАҚ: Сергей Лазарев екінші рет әке атанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

БАҚ: Сергей Лазарев екінші рет әке атанды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше бірқатар ресейлік БАҚ танымал әнші Сергей Лазаревтің екінші мәрте әке атанғанын жарыса жазған. Олардың мәліметінше, 36 жастағы жұлдыз қызды болған деп хабарлайды viva.ua cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Лазаревтің екінші перзенті дүниеге келгені туралы ақпарат алғаш болып Telegram желісіндегі "Только никому" атты каналында жарияланған.

Аталмыш парақша шоу-бизнес жаңалықтарын жазумен танымал.

"RU.TV 2019 жүлдесін табыстау шарасында болып қайттым. Әріптестерімнен Лазаревтің қызды болғанын естідім. Жүз пайыз шындық. Жақында барлығына жариялайтын болады" , - деп жазған Telegram арнаның дереккөзі.

Айта кетейік, Сергей Лазаревтің Никита есімді ұлы бар. Ол бес жыл бұрын суррогат ананың көмегімен дүниеге келген еді.

Ұлының бар екенін әнші көпшіліктен екі жыл бойы жасырған.

Әнші өзінің екінші мәрте әке атанғаны жөнінде ақпаратты жоққа шығарды.

"Кәуапқа ет таңдап жүрсем, мені қызды болды деп шығарып жіберіпті. Неге егіз емес? Баспасөз әртістердің өмірінде не болып жатқанын бәрінен де жақсы біледі. Адамдар менің жеке өміріме қатысты ақпараттарды ойдан құрастыруды жақсы көретін сияқты" , - деді Лазарев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel