RU
Қарағанды кеншілерінің Головкинге арнаған флешмобы желіні жарды

Қарағанды кеншілерінің Головкинге арнаған флешмобы желіні жарды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды кеншілері өздерінің жерлестері - боксшы Геннадий Головкинге арнап видео түсірді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды кеншілері Геннадий Головкинді қолдап түсірген флешмобы желіні жарды (видео)

Фото: Видеодан скриншот

"Шұбаркөл көмір" акционерлік қоғамының "Орталық", "Батыстық" разрездерінің кеншілері Головкинге Стив Роллспен өтетін жекпе-жекте сәттілік тіледі.

"Соққыларың 100 мың текше метр тау кен массасының жарылысы сияқты жойқын болсын", - делінген видео сипаттамасында.

Бұл қысқа ролик ERG Kazakhstan YouTube-арнасында жарияланды.

Видеоны түсіруге 300 жұмысшы қатысқан. Түсірілім өндірістік алаңда өткен.

Осы ролик үшін кеншілер арнайы жарылыс ұйымдастырды. Оның ауданы 900 шаршы метрді құрады.

"12 мың тонна жарылғыш пайдаланды. Жарылған тау кен массасының көлемі 97 мың текше метрді құрады", - деді кеншілер.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel