RU

"Қырықбаевтар": Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері құрықталды

Жамбыл облысында өткен аптада "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық топтың қтөрт мүшесі тұтқындалды. Бұл туралы ҰҚК-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кәсіпкерден ақша бопсалаған": Жамбыл облысында "Қырықбаевтар" ҰҚТ мүшелері құрықталды
Көрнекі сурет: Kaznews.kz: Facebook

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ мүшелері күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған.

2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды.

Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

23-24 мамырда іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1796473-kyrykbaevtar-zambyl-oblysynda-jymdaskan-kylmystyk-top-mseleri-kryktaldy.html