RU
Алматылық барбер клиенттің басына Тоқаевтың портретін салып берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық барбер клиенттің басына Тоқаевтың портретін салып берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда шаш үлгісін жасаған барбер әйел клиентінің басына Қасым-Жомарт Тоқаевтың портретін салып берген. Оның сөзінше, президенттің суретін салдыру төрт мың теңге тұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда барбер клиенттің басына Тоқаевтің портретін салып берген (фото)

Тоқаевтың портреті салынған шаш үлгісі Фото барбердің жеке мұрағатынан

Меруерттің барберинг саласында істеп жүргеніне екі жыл болған.

Осы уақыт аралығында клиенттер шашына портрет салдыруды талай өтінген, алайда мемлекет басшысының суретін бойжеткен алғаш рет салыпты.

"Бұл идеяны клиентім айтты. "Елімізде қызу талқыланып жатқан тұлғаны салайықшы", - деді. Сондықтан Тоқаевты таңдадым.
Сурет салғанды ұнатамын, бірақ қатты уайымдадым. Себебі сурет салмай жүргеніме көп болған. Біраз ұмытыңқырап қалыппын, ал Тоқаевты салуда біраз қиындықтар бар. Адамның түр-әлпеті мен көзқарасын беру өте маңызды", - деді Меруерт.
Алматыда барбер клиенттің басына Тоқаевтің портретін салып берген (фото)

Фото барбердің жеке мұрағатынан

Мұндай шаш үлгісі төрт мың теңге көлемінде тұрады. Бірақ нақты баға жұмыстың қиындығына байланысты қойылады екен.

"Жалпы мұндай жұмысқа бір-бір жарым сағат кетеді. Президенттің портретіне көңілім толды. Бірақ өзін үнемі сынайтын адам болғандықтан, кейбір олқылықтар барын білемін. Келесі жолы оларды міндетті түрде түзеуге тырысамын.

Мұндай шаш үлгілері әлемде танымал болғанына көп болды, бізге бұл үрдіс енді келе бастады.

Еліміздің басқа да танымал тұлғалардың суреттерін қуана салар едім. Мысалы, Геннадий Головкинді", - деді барбер әйел.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel