RU
Алматыда жүк көлігі бірден алты көлікке соғып, үлкен жол апаты орын алды

Алматыда жүк көлігі бірден алты көлікке соғып, үлкен жол апаты орын алды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Саин көшесінің бойында жүк көлігінің қатысуымен үлкен жол апаты орын алды. Ол бірден алты көлікті зақымдап кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Куәгерлердің сөзінше, Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Жол апаты Саин және Қабдолов көшелерінің қиылысындағы көпірдің астында орын алған.

Жол-көлік оқиғасының куәгерлер мен басқа жүргізушілер жүк көлігі Саин көшесімен төмен келе жатып, жылдамдығын көбейткенін айтты. Жүргізуші алдында келе жатқан көліктерге сигнал берген.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі басқаруға келмей, тоқтай алмаса керек.

Нәтижесінде, ол бірнеше көлікке соқтығысып қалды. Алдымен ол көрші қатармен жүріп келе жатқан Suzuki Grand Vitara-ға, сосын, Nissan Safari мен Toyota Camry-ге соқтығысқан.

Артынан жеңіл көлік "ГАЗельге" соқтығысып, ол өз кезегінде Mitsubishi Delicaны зақымдаған. Оған қоса, ол апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігіне де зақым келген.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Анықталғандай, тежегіші істен шығуы мүмкін болған жүк көлігі соқтығысқаннан кейін, тағы бірнеше метр жүріп өткен.

Үлкен жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Nissan ішінде отырған кішкентай қыз зардап шекті. Оны бірден ауруханаға жеткізген.

Белгілі болғандай, "ГАЗель" жүргізушісі де жарақат алған. Алайда, ол емханаға жатудан бас тартты. Анықталғандай, оның миы шайқалған.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel