Отбасылы ер адамдарға көңілі бұрып тұратын бойжеткен жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтандық бойжеткен өзінен әлдеқайда жасы үлкен, үйлі-баранды ер азаматтарға ғашық болатынын айтып, мұңын шақты. Оның сөзінше, бас бос ер адамдар оны мүлде қызықтырмайды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елордалық бойжеткен тек өзінен жасы үлкен, отбасылы ер азаматтармен қарым-қатынас құрғанды жөн көреді екен. Оның сөзінше, отағасының өз әйелін емес, оны іздеп тұрғаны бойжеткенге ләззат сыйлайды.
"Маған отбасылы ер азаматтар үшін қол жетпес арман болып көрінген ұнайды. Олардың көз қырын тастап, артымнан қалмайтыны өзіме деген сенімділігімді арттырады. Өмірімде үш адаммен шынайы қарым-қатынас құрған болатынмын. Олардың бәрінің өз отбасы, балалары болатын. Бірақ ол мені тоқтатпайтын. Олар өз әйелдерін емес, мені сағынып тұратын. Оны ойласам тіптен ләззат аламын", - дейді ару.
Бойжеткен отбасылы ер адамдармен көңіл жарастырса да, олармен ешқашан жақын қарым-қатынасқа түспегенін алға тартты.
"Қарым-қатынасты өзімнен әлдеқайда үлкен ерлермен құратынмын. Алайда олардың ешқайысымен жақын қатынасқа түспегенмін. Уақытша екенін білемін ғой. Бір қызығы олар да мені қинамайтын, айтқанымды істеп жүре беретін. Достарымен кездесуге де әйелін емес, мені апаратын.
Сұлулық салондарына барсам, қолыма ақша ұстатып жүретін. Бір сөзбен айтқанда аяғымды жерге тигізбей аялайтын. Ал өзіммен қатарластар мұндай дәрежеге жету үшін кемінде әлі 10 жыл керек".
Бұл әрекеттерімнің дұрыс емес екенін білсем де, ештеңе істей алмаймын. Бір күні менің де күйеуім осылай жап-жас қызбен сыртымнан ойнас жасайтынын ойласам, жүрегім сыздайды. Басыма келмесе екен деп тілеймін. Кейде шын сүйгенімді кезіктірсем осы әдетімді қоямын ба деп ойлаймын", - дейді бойжеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796640-otbasyly-er-adamdarga-kili-bryp-tratyn-bojzetken-zan-syryn-aktardy/