RU
Қазақстан президентіне үміткерлердің теледебаты аяқталды

Қазақстан президентіне үміткерлердің теледебаты аяқталды

Рассказать Вконтакте

"Хабар" арнасында Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлау алдындағы пікірталасы аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Теледебатқа: Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов, Сәдібек Түгел, сонымен қатар Дания Еспаеваның өкілі ретінде Азат Перуашев, Төлеутай Рахымбековтің өкілі ретінде Әли Бектаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі ретінде Мәулен Әшімбаев қатысты.

Пікірталас үш рауандтан тұрды.

Бірінші раундта үміткерлер - "Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары" жайлы сөз қозғады. Алғашқы раунд екі турдан тұрды.

Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырса, екінші турда қатысушылар оппоненттеріне екі сұрақ қойып, өздері де екі сұраққа жауап берді.

Екінші раундтың тақырыбы - "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы".

Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлеп, екінші турында жүргізушілер барлық қатысушыларға бір-бір сұрақтан қойып шықты.

Үшінші раундтың тақырыбы - "Сайлаушыларға арнау".

Үшінші қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйледі.  

Түсірілім "Қазмедиа орталығы" медиакешенінде өтетті. Пікірталасты танымал тележүргізушілер Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан жүргізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel