RU

Димашты көргеніне қуанған отандық әнші өнердегі інісін көтеріп алды

Мирас Бекжанов Ақтөбенің 150 жылдығына орайластырылған мерекелік концертте Димаш Құдайбергенді көтеріп алды. Әнші әлемді бағындырып жүрген өнердегі інісін көргеніне қатты қуанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сахна сыртындағы әсерлі сәтті Мирас Бекжанов өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Видеодан оның Димашты көтеріп алып келе жатқанын байқауға болады.

Бұдан кейін өзге әншілер де Димашты құшағына алып, бірінен соң бірі амандасып жатты.

Желі қолданушылары да өнер иелерінің ерекше жүздесуіне тәнті болып, бейнежазбадан алған әсерлерімен бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1796774-dimasty-kterip-algan-miras-bekzanov-zrtty-tnti-etti-video.html