RU

Маңғыстауға келген америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды" (видео)

Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалына ат басын бұрған америкалық саяхатшыларды ерекше құбылыс таңғалдырды. Олардың бәрінің шашы тікірейіп кетті деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Twitter

Мамандар бұл құбылыс ауаның электрленуінің әсерінен болатынын алға тартты.

Бірнеше жыл бойы Маңғыстау өңіріне экспедиция ұйымдастырушы Сергей Хачатрянның айтуынша, мұндай құбылысты бірінші рет көрген.

"Бұл жолы Бозжыра шатқалына америкалық саяхатшыларды алып келген едім. Биік нүктеге көтерілген кезде түсініксіз жағдайға тап болдық. Қолымызды көтерген кезде бір нәрсенің сатыр-сұтыр еткен дыбысы естілді. Тоқтың дыбысына ұқсайды. Содан соң бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды деп айтуға болады", - деді Сергей Хачатрян.

Физиктер мұндай құбылыс таңғаларлық жағдай еместігін жеткізді

"Жердің өзінің заряды болады. Бұл жолы күн бұлтты, ауа ылғалды болған. Сол себепті ауа мен жер қуаты түйісті", - деді геолог-геофизик Геннадий Тарасенко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1797163-magystauga-kelgen-amerikalyk-turisterdi-tbe-sasy-tik-trdy-video.html