RU
Адам сенгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан Таиландтың бұрынғы патшайымы жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Адам сенгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан Таиландтың бұрынғы патшайымы жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Күллі Таиланд жақында ғана төртінші мәрте отау құрған корольдің қуанышын әлі тойлап бітпей жатыр. Думанды тойдың қалай өткенінен бөлек, көпшілікті мемлекет басшысының бұрынғы жары Сирасми Сувадидің қайда жоғалып кеткеніне алаңдауда. Анықталғандай, кезінде елінің бірінші ханымы болған келіншек бүгін адам сенгісіз күйге түскен. Ең қызығы, бұл бұрынғы жолдасының арнайы тапсырмасы болып шықты деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Сирасми Сувади бұрынғы күйеуінің асқан қатыгездігі салдарынан өмірінің қалған күндерін қирап ған үйде өткізуге мәжбүр. Таиланд патшасы бірнеше жыл бойы өзімен бір шаңырақта тұрған жарын мұндай жағдайда ұстауға арнайы бұйрық берген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

2001 жылы үйленген ерлі-зайыптылардың ортақ ұлы бар. Корольмен 13 жыл некеде тұрып, елдің бірінші ханымы атанған ару 2014 жылы ел күтпеген мәлімдеме жасайды. Сирасми корольдік титулынан бас тартатынын айтып, жұртты таңғалдырған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

БАҚ-тың хабарлауынша, бұл қадамға ол өз отбасы тап болған үлкен жанжал себебінен барған. Сирасмидің ата-анасы, үлкен әпкесі мен жездесі, екі інісі мен жиеніне жемқорлық, құмар ойынға жақтаушылық пен контрабанда үшін айып тағылған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Олардың барлығы сотталып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл корольдің бұрынғы қайын жұрты бостандыққа шығу керек. Олар түрмеден шыққан соң, Сирасмидің олардан бетер жазаланғанын көрмек.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Титулдан айыру қатаң жазаның тек бір бөлігі ғана болған. Бірінші ханымды король өмір бойына жер аударып жіберген. Оған қоса, ол үлкен жомарттық танытып, бұрынғы әйеліне ұлымен қоштасу үшін бес минут берген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Анасы мен баласының қоштасқан сәтіндегі суреті ел жүрегін елжіретті. Фотода анасы тізерлеп отырып ұлын құшақтап жатқаны көрініс тапты. Таиландтағы ережеге сәйкес, титулынан айырылған ана ұлынан биік тұрмау керек.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Сәуір айында Сирасмидің ұлы 14 жасқа толды. Алайда, ашуы басылмаған король перзентіне тіпті туған күіннде анасымен көрісуге рұқсатын бермеген.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Бүгінде бұрынғы патшайым Ратчабури елді мекенінде тұрады. Ол қирауға аз қалған баспананы мекен етуге мәжбүр. Оның үстіне Сирасмидің үйінде электр қуаты да жоқ болып шықты.

Үй төбесінен су ағып тұратынынан бөлек, король әжетхана мен ваннаны әдейі бұздырып тастаған. Оның орнына ол далада әжетхана салдырып, оның сыртына мысқыл түріндегі жазба қалдырған. "Бұл жерде сарайдағыдай қолайлы деп үміттенемін" деп жазған король.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Неміс журналситерінің мәліметінше, бұрынғы жарын қамауға отырғызбас бұрын, мемлекет басшысы ол үйдегі ағаштардың бәрін шапқызып тастауға бұйрық берді. Бұлайша, ол Сирасмиге көлеңке де түспеуін қалаған.

Кезінде талай жұрт тамсанып қараған әйелді бүгінгі күні тану мүлде мүмкін емес. Оны тіпті келіншекке ұқсайды деп айтуға қиынға соқпақ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Айта кетейік, бұған дейін Таиланд королінің жүрегін жаулаған генерал патшайым туралы жазған болатынбыз. Мах Вачиралонгкорн жақында төртінші мәрте үйленген.

Сіздің реакцияңыз
11
4
57
44
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel