RU
Ақтөбелік кәсіпкер Рамазанда құранды жатқа оқыған қариға темір тұлпар мінгізді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік кәсіпкер Рамазанда құранды жатқа оқыған қариға темір тұлпар мінгізді

Рассказать Вконтакте

31 мамырдан 1 маусымға қараған түні барша мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Бұл түнді ақтөбеліктердің қалай қарсы алғанын KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Облыс орталығындағы "Нұр Ғасыр" мешітіне қасиетті түнді өткізу үшін жиналған жамағаттың санында шек болған жоқ. Халық тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін бірге өткізуге келген мұсылман қауымы бір-бірлеріне шын жүректен ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

"2004 жылдан бері намаздамын. Рамазан айының 30 күнін де осы мешітте өткіземін. Қасиетті Рамазан айында елімізге тыныштық тіледім. Алла алақан жайып отырған барша мұсылманның тілегін қабыл қылсын. Келесі жылғы Рамазан айында қуанышпен қауышуға жазсын. Екі үлкен балам мен немерем намаз оқиды " , - дейді 65 жастағы Бақыт Өтегенова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Мешіт қызметкерлері де бұл түнге ерекше дайындалған. Мешіттің ауласына мың адамға арналған ауызашар дастарханы жайылды. Бұл жамағаттың алаңсыз құлшылық жасауына үлкен көмек. Рамазан айында ауызы берік халық осы жерден ауыз ашып, сәресін де мешіттен ішті.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Мешітке сыймағандар үшін аулаға арнайы төсеніш жайылған. Оған сыймағандар жерге жайнамаздарын жайып ашық аспан астында құлшылық жасады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тарауық намазынан кейін мешітте Құран хатым түсірген қари Бекжан Әлбеновқа жергілікті кәсіпкер темір тұлпар мінгізді.

"Имамның ұсынысын қабыл алып, Бекжан бауырыма темір тұлпар сыйлап отырмын. Бұл мен үшін де қуаныш",-деді кәсіпкер Бақытжан Олжабайұлы.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбенің тумасы саналатын Бекжан Әлбеновтың Рамазан айын жерлестерімен өткізуі алғаш рет емес.

"Бекжанның алдағы уақытта Ақтөбеде қалып, қари дайындамақ ниеті бар. Елге келгеннен кейін жаяу жүрмесін дедік. Көлікті кім мінбей жатыр?! Қазір әнші де басқа да барған жерінен бір ат мініп кетеді. Құранды осылай толық жаттаған қариға құрмет көрсете алмасақ біздің елдігіміз қайда деп ағамызға ұсыныс айтқпн едік",-деді өкіл имам Төлеби Оспан.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Имам кәсіпкерді мешіт атынан алғыс хатпен марапаттады. Тарауық намазын мешітте оқығандармен сәресіне дейін әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Қадір түнін Құран хатым батасымен басталған қалың жамағаттың құлшылығы таң атқанша толастамады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
3
1
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel