Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық өнер жұлдыздары екі отбасыға үй алып берді (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық өнер иелері қасиетті Рамазан айында екі отбасыға екі үлкен үйдің кілтін табыс еткен. Жұлдыздардың қайырымдылығы жайлы Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайырлы кеш, қазағым. Бүгінгі күніміз үшін Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қасиетті айымызда өнердегі аға-әпкелеріміз, достарымыз, бауырларымыз жиналып, екі отбасыға екі үлкен үйдің кілтін табыс еттік. Бар қазағыма Алла үйлі, балалы-шағалы болуды нәсіп етсін", - деп жазды Ақбота Керімбекова.
Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Видеодан Мақпал Жүнісова мен Ерғали Әбдірайымовты, Ақжол Мейірбеков пен Ақбота Керімбекованы, еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Оразды көруге болады.

Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сондай-ақ өнер иелері екі үйдің балаларына ойыншықтар мен велосипед сыйлаған.

Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Ерғали Әбдірайымовтың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желі қолданушылары өнер иелерінің игі бастамасына қолдау білдіріп, алғыс айтқан.

"Ниеттеріңіз қабыл болсын", "Жарайсыздар", "Екі отбасы үшін қуаныштымыз", "Алланың назарында болыңдар. Үнемі халықпен бірге жүрсеңдер, халықта сендерді өздері көтеріп жүреді. Жақсылықта жарысқан қандай күшті", "Алла разы болсын" деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797338-otandyk-ner-zldyzdary-eki-otbasyga-j-alyp-berdi-foto-video/

pixel