RU
Құдашасының құрығына түскен ер азамат мұңын шақты

Құдашасының құрығына түскен ер азамат мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Алмас есімді ер азамат айлакер құдашасының құрығына түсіп, өз өмірін өзі ойрандағанын айтты. Оның сөзінше, бұдан бұрын есік көрген әйел адам жігітті алдып, одан жүкті болып қалған. Сүймеген адамына күштеп үйленгенін айтқан ер адам жан сырын ақтарды деп жазады Алаш айнасы.

Фото: pasadenapainmanagement.com

Фото: pasadenapainmanagement.com

Алмас есімді ер азамат таңдап жүріп тазға жолыққанын сөз етті. Оның айтуынша, ол құдашасының туған күнінде есін жоғалтып, білместікпен әйел адаммен бір түнді өткерген.

"Бір жолы құдашам үйіне шақырды. Туған күнім деп қиыла шақырған соң көңілін қимадым. Құрбылары мен жаққа қайта-қайта қарап күбір-сыбыр еткеніне мән бермеппін де. Іштік, жедік, биледік. Таң ата қарасам, құдашамның құшағына жатырмын. Шошып кеттім. Көп сілтемейтін едім, өзіме-өзім таңғалдым. Осы уақытқа дейін есімді білмей ішпеген едім. Сан соғып қалдым", - дейді жігіт.

Көп ұзамай ер адам құдашасының өзінен аяғы ауыр екенін білген. Сол себепті жеңгесінің бопсалауынан кейін есік көрген келіншекке үйленуге мәжбүр болыпты.

"Оған бұрынғыдай жолай бергім келмейтін. Бірақ ол амалын тауып қасымнан табылатын. Күндердің күнінде ол маған өзінің менен аяғы ауыр екенін айтты. Ат-тонымды ала қаштым. Бірақ маған алыстау ағайынымның әйелі, яғни жеңге болып келетін оның әпкесі үйге келіп шаңымызды қағып кетті.
Егер тез арада үйленбейтін болсақ, мені соттататынын да қоса айтып қорқытып кетті. Мұны естіген анамның есі шықты. "Тіреп тұрған кіміміз бар? - күйіп кетесің ғой, балам-ау, ал енді осыны..." деп еңірегенде етегі жасқа толды", - дейді ол.

Сүймегенін жар етіп алған ер адам қызды болғанын сөз етті. Алайда оның айтуынша, әйел адам жақсы келін де, жар да бола алмаған.

"Анамды енем деп сыйламайды. Үлкенге де, кішіге де арпылдап тұрғаны сол. Абысындарына ақыл айтып, бір шыбықпен айдағысы келеді. "Әулетімізге мұндай келін түспеген еді, мынау қайдан шыққан мыстан?" деген екі жеңгемнің күбір-сыбырын да естіп қалдым", - дейді кейіпкер.

Әйелімен ажырасуды ойлап жүрген Алмас жақын күндері екінші рет әке атанатынын білген.

Тығырыққа тірелген ер адам құдашасының сол түні оның сусынына ұйықтататын дәрі қосып бергенінен күмәнданатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
6
4
15
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel