Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алып сұр жыланмен ойнап жүрген балақай жұртты шошытты

Опубликовано:

Желіде алып сұр жыланмен бейқам ойнап жүрген видео тарап кетті. Онда бар-жоғы 1-2 жасар қара нәсілді балақайдың өзінен бірнеше есе үлкен жорғалаушымен ойнап жүрген сәтін анық көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Twitter

Видео Instagram желісіндегі kaz.media парақшасында пайда болған. Онда қара нәсілді балақай алып сұр жыланның үстіне жайғасып, тіпті басынан сипайтын сәтін анық байқалады.

Автор бейнежазба қай елде түсірілгенін нақты жазбаған.

Тек желі қолданушылары "Алла сақтасын", "Құдайдың құдыреті", "Жыландар балаларға тиіспейді" деген пікірлерін жарыса жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797505-alyp-sr-zylanmen-ojnap-zrgen-balakaj-zrtty-sosytty-video/

pixel