Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда ұялы телефон сатып келген экстремистік топ ұсталды

Опубликовано:

Түркістан қаласындағы базарлардың бірінде ұялы телефон сатып келген экстремистік топ ұсталды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында облысқа қарасты бірқатар аудан, қалаларға рейдтік шара жүргізді. Шара барысында полицейлер діни алауыздықты қоздыру әрекеттерін жүзеге асырып келген топты құрықтады. 

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Түркістан қаласындағы базарлардың бірінен ұялы телефондарды алып сату және жөндеу жұмыстарымен айналысатын азаматтардың арасында дәстүрлі емес деструктивтік діни ағымын ұстанушылары мен жақтастары бар екендігі белгілі болды. Тыңғылықты тексеру нәтижесі көрсеткендей, күдіктілер қылмыстық жолмен ұрланған ұялы телефондарды алып сату, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру іс-әрекеттерін іске асыру арқылы, ұялы телефонға арнайы деструктивтік ағымды насихаттайтын мәліметтерді жүктей отырып, тұтынушыларды арандатқан.
Бұл істі полицейлер ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша СДТБТ-не тіркеуге алды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдікті ретінде ұсталған үш азаматқа қатысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, уақытша қамауға алды",- делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Облыс полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті. Айғақты заттар тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797527-trkistanda-aly-telefon-satyp-kelgen-ekstremistik-top-staldy/

pixel