RU
Түсіңізде шіріген жұмыртқа көру нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде шіріген жұмыртқа көру нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Түсіңізде шіріген жұмыртқа көрсеңіз, бейсанаңыз сізе абай болуды ескертіп жатыр. Тәуекелге бармай, аяғыңызды аңдып басқаныңыз жөн. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде шіріген жұмыртқа көру нені білдіреді?

Көрнекі сурет:enigma-project.ru

Шіріген жұмыртқа денсаулығыңыздың сыр беретінін білдіреді. Егер мұндай түсті жүкті әйел көрсе, болашақ сәбиге қауіп төнуі мүмкін.

Сондай-ақ мұндай жұмыртқа жоспарлардың іске аспайтынын ескертеді. Сондықтан оларды қайта қарап, өзгертудің жолдарын да қарастырған жөн.

Шіріген жұмыртқаны лақтырып жатсаңыз, онда отбасылық өміріңізде қиындықтар туындайды. Балаларыңызбен немесе екінші жартыңызбен түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Татуласудың жолдарын табуға тырысыңыз.

Жұмыртқаларды шағып жатсаңыз, сезімдеріңізді бақылауда ұстау керек деген сөз.

Қайнатылған жұмыртқаның шіріп кеткенін көру - шығынға бататыныңыз жайлы ескертеді. Сондықтан іскерлік белсенділікті азайтып, маңызды келісімшарттарға қол қоймаған абзал.

Ғашық адам шіріген жұмыртқаны көрсе, бұл сүйіктісінің көзіне шөп салып жүргенін білдіреді.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel