RU
"Мен-генерал, әйелім-полковник": ТЖК бастығы демалыс күндері тұшпара түйетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Мен-генерал, әйелім-полковник": ТЖК бастығы демалыс күндері тұшпара түйетінін айтты

Рассказать Вконтакте

ТЖК бастығы Владимир Беккер жанұясы жайында қызықты ақпараттармен бөлісті. Ол 17 және 10 жастағы ұлдарын "қатардағы сарбазға" теңеп, үйінде мысықтың орнына тасбақа жүретінін, ал демалыс велосипед тебу мен тұшпара түюге арналған күндер екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ОКҚ

Фото: ОКҚ

"Мен-генерал, ал әйелім-полковник. Достарым "балаларыңның дәрежесі қандай?" деп күледі. Олар әлі "қатардағы сарбаз" деп жауап беремін", - дейді жанұяда тәртіп болу керектігін айтқан Беккер.

Беккердің жанұясындағы балалар қатаң тәртіпке бағынады. Олар мектептен келе салып, сабақ оқуға кіріседі. Үздік бестікке оқымаса да, генерал әкелерінің жақсы оқу керек деген талабын орындайды.

Соынмен қатар Владимир Беккер қытай тілін оқып жатқан ұлы Қытай университетінде білім алуды жоспарлап жүргенін де атап өтті.

"Мен ұшқыш болады деп ойлағанмын. Әйелім бір әскери қызметкер жететінін айтты. Өзім гүлдерді жақсы көремін, үйде оларды суғарып тұрамын. Қызыммен бірге кактус өсірдік-ол да қарайды. Бірде қызым мысық сұрады. Мысықтың жүні бар, түсқағаздар жыртылады. Әйелім дана ғой, тасбақа сатып алыпты.
Мен балаларды үнемі мақтап отыру керек деп есептеймін. Қызымды дүкенге апарғанда ол қандай азық-түлік сатып алу керектігін біледі. Ұлым үй тазалап, картоп тазалайды, киім үтіктейді", - дейді ТЖК бастығы.

Жанұя туралы әңгімені Беккер елдегі батуттармен болатын төтенше жағдай туралы тақырыптан кейін айтты. Ол тек қана құтқарушылар мен батут иелеріне сеніп қалмай, балаға өздері жауап беру керектігін айтады.

ТЖ басшысының сөзінше, ол қызын батут ойнауға жібермейді, оның орнына қыдырып, велосипед тебуді жөн көреді.

"Біз қыста тұшпараны барлық жанұямызбен түйеміз. Осылайша, сағатына 200 тұшпара дайындаймыз. "Қатардағылармен" бірге анасы қамыр дайындайды, мен фарш жасаймын, ал балалар түйеді. Балалар бағаларды білу үшін базарға да алып барамын", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel