RU
Шпекбаев еліміздегі жемқорлықтан келген шығын мөлшерін атады
Жаңалықтар Қоғам

Шпекбаев еліміздегі жемқорлықтан келген шығын мөлшерін атады

Рассказать Вконтакте

Шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген шығын көлемі белгілі болды. "Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев нақты деректерді көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов. Алик Шіпекбаев. Фото: aktobenews.kz

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов. Алик Шіпекбаев. Фото: aktobenews.kz

МҚІСҚА төрағасының айтуынша, Қазақстанда жемқорлықпен айналысатын шенеуніктерді мемлекеттік органдардан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Шпекбаев бұл өзіндік нәтижесін әкелетінін жеткізді.

Ол жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде ел ұстанымы 10 сатыға жақсарғанын алға тартты.

Шіпекбаев Ағымдағы жылдың деректеріне сәйкес, Қазақстан "Парақорлық және жемқорлық" көрсеткіші бойынша 29 орынды иеленгенін атап өтті.

МҚІСҚА төрағасы бірнеше ондаған миллиард теңге көлемінде мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа келтірілген шығын мөлшерін атады.

Ол сондай-ақ тәркіленген қаражатты пайдалана отырып, әлеуметтік сала мәселелерін шешуге болатынын атап өтті.

"Көптеген әлеуметтік мәселелер тәркіленген шенеуніктердің қаражаты есебінен шешілуі мүмкін. Тек соңғы үш жылда ғана жемқорлықтың шығыны 40 миллиард теңгені құрады. Егер тәркіленген қаражатты науқас балаларды емдету, көп балалы отбасыларға және мүгедектерге қолдау көрсету үшін берілетін білсе, азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тікелей әсерін сезінеді", - деді агенттік төрағасы.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel