RU
Айқын бірінші әйелінің Жұлдызға қалай қарайтынын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын бірінші әйелінің Жұлдызға қалай қарайтынын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Айқын Төлепберген бірінші әйелімен қандай байланыста екенін айтты. Екінші рет шаңырақ көтерген әнші өмірінің бір қалыпқа түскенін жеткізді деп жазады "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айқын жұбайларымен. Фото: Клиптен кадр, kyn.kz

Айқын жұбайларымен. Фото: Клиптен кадр, kyn.kz

Бағдарлама жүргізушілері Айқыннан бірінші әйелінің Жұлдызға деген көзқарасын сұраған. Ал әнші қазіргі өмірінің қалыпты жүріп жатқанын жеткізді. 

Айқынның айтуынша, Әсел (ред: Айқынның бірінші жұбайы) оның екінші рет шаңырақ көтергеніне ренжімеген.

"Қазір оның көңіл-күйі тамаша! Күнде ән айтып, күліп жүреді. Күнде сөйлесеміз. Әрдайым хабарласып тұрамыз. Жаңа ғана бір шаруалармен хабарластық. Қызымыздың туған күні келе жатыр", - деді әнші.

Еске салсақ, 2017 жылы желіде Жұлдыздың қыз ұзату тойының видеосы пайда болған. Онда Айқын күйеу бала ретінде жүреді. Әншілер бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, кейіннен  редакциямызға Түркия елінде бірге демалып жүрген Айқын мен аяғы ауыр  Жұлдыздың  суреті келген. 

Алайда көп ұзамай Жұлдыз Өмірғалидің өмірге сәби алып келгені анықталды.

Ал өткен жылы қарым-қатынастарын жасырын ұстаған жұлдыздар бұл қуанышын тұнғышының бір жасқа толу мерекесінде бір-ақ хабарлады..

Сіздің реакцияңыз
18
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel